«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮШ БІРІКТІРІП КҮРЕСУ КЕРЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданында нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы күрес тақырыбында іс-шара өтті. Оған өңірімізге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов қатысты.

Өткен жылы Мамлют ауданында есірткіге қатысты 13 факті анықталды. Оны шамадан тыс қолдану салдарынан адам өліміне әкеліп соққан жағдайлар тіркелген жоқ. Дегенмен, тәртіп сақшылары есірткімен күрес жылы аясында жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Аудан әкімі Руслан Аңбаев мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, медициналық мекемелер мен жастар есірткі затын таратуға қарсы күресте өзра күш жұмылдырса, біраз келеңсіздіктің алдын алуға болатынын айтты.

– Облыстық полиция департаменті қоғам дертімен күресудің жан-жақты жолдары ойластырылған бағдарлама әзірлепті. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің арасындағы есірткіге тәуелділіктің алдын алу мәселесін жариялы түрде шешуіміз керек, – деді Абай Тасболатов.

Облыстық полиция департаменті үстіміздегі жылды “Есірткіге қарсы күрес жылы” деп жариялаған болатын. Сондықтан алдағы уақытта осындай шараларды басқа аудандарда да өткізу жоспарлануда.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА, облыстық полиция департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp