«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРҒА ЗӘРУМІЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тобырлық мәдениет үстем боп тұрған уақытта жанр мен стилі осы талаптарға сай қалыптасқан жаңа формалық, интеллектуалдық деңгейі биік әдебиет керек. Қазіргі оқырман неге шытырман оқиғаларды оқиды? Неге бүгінгі жазылып жатқан көркем дүниелер көп оқылмайды? Себебі, оқырман әдебиеттен озып кеткен. Ол жаңа формадағы, бірақ интеллектуалды тұрғыда қазіргі заманның психологиялық дағдарысынан шығаратын жаңа мәтіндерді өткен заманнан болса да тауып, оқып келеді.

Бүгінгі қазақтың жүрегіне жететін Тұрсынжан Шапайдың “Қазақтың жаны” секілді дүниелер керек. Тағы бір мәселе: қарапайым адам бейнесі әдебиеттен тыс қалып барады. Тіршілікке пенденің көзімен қарау да керек шығар. Біз кейіпкердің рухын көтеретін көркем шығармаларға зәруміз.

Айгүл ІСМАҚОВА, ғалым.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp