«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НӘТИЖЕЛІ ЖОБАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше Тайынша ауданының әкімі Иван Турковтың тұрғындар алдындағы қорытынды есеп беру кездесуі өтті. Аудан әкімі атап көрсеткендей, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің маңызды көрсеткіші негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу серпініне байланысты болмақ. Былтыр 10 айдың қорытындысы бойынша ауданға 13,3 млрд. теңге инвестиция құйылған. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 млрд. теңгеге артық.

– Өткен жылғы ірі инвестициялық жобалар – 2,3 млрд. теңгені құрайтын “ЕМС Аgro” және 1,5 млрд. теңгеге тең “BioOperations” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне тиесілі. Ал биыл жылдық қуаты 5 мың тонна ет өндіретін “Тайынша ет комбинаты” ЖШС-і қайта жаңғыртылмақ. Серіктестікте 40 жұмыс орны ашылып, инвестиция көлемі 5 млрд. теңгеге жетеді деп күтілуде, – деді аудан әкімі.

Ауданда тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында да біршама жұмыстар атқарылуда. Былтыр әлеуметтік жұмыс орындарына бөлінген 10 млн. 341 теңге қаржы толық игеріліп, 74 адам жұмыспен қамтылыпты. Сондай-ақ, 10 млн. 824 теңгеге 46 түлекке жастар саясаты бойынша жолдама берілді. Тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылды. Кездесуге келген тұрғындар әкімге аудандық аурухананың шатырын, Күншығыс көшесінің жолын және аялдамаларды жөндеуге қатысты сұрақтар қойды. Аудан әкімі өтініштердің барлығын мұқият тыңдап, әрқайсысына нақты жауап берді.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ, “Soltústіk Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp