«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САНАСЫЗДЫҢ СОРЫ ҚАЛЫҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түнгі клубқа жастар қашанда үйір. Кей жастар Жаңа жыл, туған күн, басқа да мерекелер мен қуаныштарын сонда атап өтуді жөн көреді. Енді біреулері бұл әрекетін сән көріп, қатарластарынан қалмау үшін әр демалыс сайын, тіпті, жұмыс күндері де көңіл көтеру орындарынан шықпайды. Алайда, клубқа көңіл көтеру үшін ғана емес, күнкөріс қамымен баратындар артып жетіледі. Ауылдан білім алу үшін келген көптеген жастың ата-анасының қалтасына салмақ түсірмей, қосымша табыс табу мақсатында кешкі уақытта жұмыс істейтінін білеміз.

Өкінішке қарай, көңіл көтеру орындары да осындай жастарға толы. Қолдарына дипломдарын алғанның өзінде екі қолға бір күрек таппай жүрген жастардың саны азаймай тұр. Оқуын енді тамамдағандарды жұмысқа қабылдай қоюлары неғайбыл. Алысқа бармай-ақ, өзіміз күнделікті көріп жүрген азаматтарды мысалға келтіруге болады. Кәмелеттік жасқа жаңа ғана толған өрімдей қыздар “ащы суға” сылқиып тойып алған небір ессіздерге қызмет көрсетуге мәжбүр.

Бір танысым басынан өткен жайтты айтқанда, қатты таңғалғаным бар еді. Жаңа жылды достарымен бірге облыс орталығындағы көңіл көтеру мекемелерінің бірінде қарсы алған ол ерсі оқиғаның куәсі болған. Жаңа жылды бірге қарсы алмақ болған екі-үш отбасы мекемедегі үстелдердің біріне жайғасқан. Мұнда тұрған ештеңе жоқ қой дейтін шығарсыз. Алайда, олардың арасында алпыстан асқан үлкен азаматша (аналары болуы мүмкін) мен 5-6 жастар шамасындағы екі бүлдіршін болыпты. “Біраз көңіл көтеріп, үйлеріне қайтар деп ойлаған едік. Алайда, олар мекеме жабылғанша, яғни таңғы сағат беске дейін ешқайда кетпеді. Үлкен кісі азан-қазаннан шаршаған болуы керек, қозғалмастан бір бұрышта отыра берді. Ал балалар даңғырлаған неше түрлі музыкаға бірге шығып биледі”, – деді танысым. Сырттан қараған адам жандарында балалары бар, отбасымен бас қосуға келген болар деп ойлауы мүмкін. Алайда, түнгі сағат бір-екі шамасында үстелде отырған ер адамдар “ащы суға” масайып, ерсі қылық көрсете бастады. Жанымызда анамыз немесе баламыз бар-ау деп ешкім ойлаған жоқ. Балалар болса, біраздан кейін шаршап, отырған орындарында ұйықтап қалды. Меніңше, қанша жерден мереке десек те, бүлдіршіндерді түнгі уақытта мұндай мекемелерге ертіп апару – барып тұрған ессіздік. Неше түрлі ойындар ойнатылды, айқай-шу, ондай жерлерде жанжалдар мен төбелестердің де жиі орын алатынын білеміз. Ең бастысы, айнала спирттік ішімдікке тойып алған адамдарға толы болады. Балаларымызды жастайынан дұрыс тәрбиелеп, тура жолдан таймасын десек, ісіміз сөзімізге сай келуі керек емес пе?!

Құдайберген ҚОСПАҚАЕВ, №2 орта мектептің мұғалімі.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp