«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Заман көшінен қалмай, ізденудің арқасында табыс көзін тауып жүрген кәсіпкер әйелдер қатары күн санап қалыңдай түсуде. Осыдан-ақ әйелдердің өңір экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып отырғанын аңғаруға болады. Жақында облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті.

Маңызды жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасындағы негізгі міндеттер әңгіме арқауына айналды. Табысқа жеткен әйелдер өз тәжірибелерін тілге тиек етіп, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

Шара барысында іскер әйелдер кеңесіне жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі өтті. Атап айтқанда, олардың қатары тоғыз әйелмен толықты.

Кеңес мүшелері алдағы уақытта елді мекендердегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған нәзік жандармен және жұмыссыз жастармен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Оларға бизнес-тренингтер жүргізіп, “Atameken Services” қызметінің мүмкіндіктерін түсіндіру көзделген.

– Биыл біз бизнесті ауылды жерде дамытуға басымдық беріп, тұрғындармен жылдар бойы жинаған мол тәжірибемізбен бөлісеміз. Мыңдаған қазақстандықтың жеке кәсібін ашып, кеңейтуге мүмкіндігі бар. Кәсіпкерлер “www.services.atameken.kz” сайтының игілігін көруде. Мәселен, порталға қосылған соңғы қызметтердің бірі – “Несиелік агрегатор” қосымшасы уақыт пен қаражатты үнемдеуге зор мүмкіндік береді. Оның көмегімен қаржы институттарынан несие рәсімдеуге үйден шықпай-ақ өтініш жіберуге болады. Ауыл кәсіпкерлері осындай жаңашылдықтарды меңгеруі қажет, – деді кеңес төрайымы Ләйля Сайдашева.

Жиында кәсіпкерлер онлайн-платформаның артықшылықтарын талқылады. Жиналғандардың басым бөлігі заманауи қосымшалардың игілігін көріп үлгерген. Солардың бірі – ақжарлық Әйгерім Қазымбетова. Бастапқыда “Бизнес-кеңесші” оқу курсында білімін жетілдірген ол кейін “Бастау” жобасының артықшылығын түсініп, бағын сынаған. Сондай-ақ, оған “Іскерлік байланыс” курсы да басқа әріптестерінен тәжірибе алмасуға көмектескен. Осындай талпыныстың арқасында нәзік жан бірнеше кәсіптің тізгінін ұстап отыр.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА, облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp