«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗМЕТ АЛУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаңтар айының ортасынан бастап қазақстандықтар қаруды сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және тасымалдауға рұқсатты “Электронды үкімет” порталы арқылы алатын болды.

Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының бастығы Юрий Семеньконың айтуынша, бұл тұрғындарға ыңғайлы болу үшін және сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту мақсатында қолға алынған. Қаруды сатып алуға ниет білдірген адам қажетті мемлекеттік қызмет түрін “Электронды үкімет” порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады. Ол үшін электронды-цифрлық қолтаңба ашып, қажетті құжаттар тізімін оқып шығуы қажет.

Жыл басынан бері полиция департаменті қару алуға 148 рұқсат қағазын берсе, соның 145-і электронды түрде жүргізілген.

Ерлан МАХМЕТОВ, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp