«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРЫЛЫС ТОҚТАП ТҰР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Казградстрой” фирмасы 2017 жылы облыс орталығының К.Сүтішев және Пушкин көшелерінің қиылысында 18 қабатты үш бірдей тұрғын үйдің құрылысын бастаған еді. Жоспар бойынша зәулім үйлер биыл тұрғындардың игілігіне берілуі тиіс болатын. Бірақ көпқабатты ғимараттың пайдалануға берілуі неғайбіл. Өйткені, құрылыс жұмыстары 2-3 айдан бері тоқтап тұр. Біз бұл мәселенің анық-қанығына жету үшін алдымен қалалық әкімдікке хабарластық.

Бұл мәселе олардың құзыретіне кірмейді екен. Бәлкім, облыстық құрылыс басқармасы мәселенің мән-жайын түсіндірер деп, оларға телефон шалдық. Мұндағылар да мандыртып жауап бере алмады. Істің мән-жайын облыстық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы білетін шығар деген дәмелі оймен тағы да телефон тұтқасын қолымызға алдық. Мұнымыз да бекер болып шықты. Басқармадағы мамандар құрылыс фирмасына хабарласуға кеңес берді.

Жоғарыда айтқанымыздай, құрылыс жұмыстары биыл аяқталуы тиіс болатын. Бұған дейін тындырылған іс мардымсыз. Бірінші кезекте салына бастаған үй 14-ші қабатына дейін ғана жеткізілген. Ал басқа екі үйдің әлі қазығы да қағылмаған. Құрылыс жұмыстары басталған сәтте ондағы пәтерлердің бір шаршы метрі 180 мың теңге деп жарнамаланған болатын. Кейін ол 220 мың теңгеге көтерілді. Пәтер алғың келсе, алдын ала 30 пайыз төлем жасауың керек.

Сөйтіп, “Казградстрой” фирмасымен байланысып, жауапты мамандармен тілдесуге ниеттеніп көрдім. Телефонды бухгалтерияның қызметкері алды. Менің басшылардың бірі керек деген бұйымтайыма құлақ аспады. Амал жоқ, мәселенің мән-жайын есепшіден сұрауға тура келді. “Қаржыландыру мәселесі шешілмей жатыр. Сондықтан уақытша тоқтап тұр” деп ол әңгімені қысқа қайырды.

Құрылыс ұйымы осы үйден пәтер алудан дәмелі, алдын ала ақшасын төлеп қойған адамдар болса, оларға қандай жауап беріп жатыр екен?

Қошан ҚАЛИ, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp