«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘСКЕРИ ИНТИТУТТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық Ұлан әскери институтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты генерал-лейтенант Абай Тасболатов Елбасымыздың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Қазақстан халқына Жолдауын және “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласын таныстыру мақсатында әскери қызметшілермен кездесті. Кездесуге әскери кафедра, әскери техникалық мектебі, ұлттық шекара қызметінің бөлімі мен әскери институтының қызметшілері қатысты.

Кездесу барысында халық қалаулысы Абай Тасболатов еліміздің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты түсіндіріп өтті. ““Рухани жаңғыру” бағ­дар­­ла­масының жалғасы бо­лып саналатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға ба­­ғыт­талған ұсы­ныстары мем­­ле­кетіміздің ны­ғаюына сеп­тігін тигізетініне сенім­­­дімін және де тек тари­хын біл­ген ел ғана өткеннен са­бақ а­лып, жарқын болашаққа жол тауып, жетістіктерге жетеді”, – деді Абай Бөлекбайұлы.

Айман ӘБЖАПБАРОВА, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp