Ұлттық Ұлан әскери институтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты генерал-лейтенант Абай Тасболатов Елбасымыздың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Қазақстан халқына Жолдауын және “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласын таныстыру мақсатында әскери қызметшілермен кездесті. Кездесуге әскери кафедра, әскери техникалық мектебі, ұлттық шекара қызметінің бөлімі мен әскери институтының қызметшілері қатысты.
Кездесу барысында халық қалаулысы Абай Тасболатов еліміздің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты түсіндіріп өтті. ““Рухани жаңғыру” бағдарламасының жалғасы болып саналатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізетініне сенімдімін және де тек тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып, жетістіктерге жетеді”, – деді Абай Бөлекбайұлы.
Айман ӘБЖАПБАРОВА, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің басшысы.