«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТСӨНДІРУШІНІҢ СҮЙІКТІ ІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдық өртсөндіруші Болатжан Асқарбеков тағдырдың жазуымен талай рет “ыстық нүктелерде” болған сәттерінде өрт каскасына “тәңіріндей сыйынғанын”, әріптестерін де ажал құшағынан сақтап қалғанын ұмытар емес. Оған сол кездегі ескі фотосуреттер куә. Тіл бітсе, шытырманға толы талай оқиғаны тізбелеп айтып берер еді. Қазір подполковниктің үйінде әртүрлі елдерден әкелінген өрт сөндіру каскалары сақтаулы. Кейбірі жылтыраған мыспен құйылса, төзімді пластикпен қапталғандары да кездеседі.

Ол кәсіби өртсөндіруші және талай мәрте адамдарды құтқаруға басшылық еткен. Қазір де сүйікті кәсібінен қол үзген жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінде төтенше жағдайларды жою бөліміне жетекшілік етеді. Отты апаттарға қалай қарсы тұрғанын ол жадынан ешқашан шығармайды. Оның коллекциясы ұмытылмас күндердің естелігіндей боп, қаз-қатар тізіліп тұр.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp