«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.02.2019

НӘТИЖЕЛІ ЖОБАЛАР

Кеше Тайынша ауданының әкімі Иван Турковтың тұрғындар алдындағы қорытынды есеп беру кездесуі өтті. Аудан әкімі атап көрсеткендей, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің маңызды көрсеткіші негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу серпініне байланысты болмақ. Былтыр 10 айдың қорытындысы бойынша ауданға 13,3 млрд. теңге инвестиция құйылған. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 млрд. теңгеге артық.

МӘДЕНИ МҰРА — ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ

Әрбір елдің өз тілі мен ділі, тарихы, мәдениеті мен ұстанымы болады. Осынау ұлан-ғайыр жерді жаудан қорғап, ұрпаққа аманаттаған ата-бабаларымыздың бізге қалдырған байлығын көздің қарашығындай сақтау – абыройлы парыз.

ЕҢБЕК АДАМЫ

Ертарғын Сағындықов – өзінің нанын маңдай терімен тауып жүрген нағыз еңбек адамы. Ол Боркий кентіндегі Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінде өндірістік шебер болып жұмыс істейді.

ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС

Құрметті оқырмандар! “Soltustik Qazaqstan” газетінің “Tikeleı baılanys” айдарының кезекті қонағы – облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Сұлтанғазыұлы Біләлов.

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясы 2019 жылғы 15 ақпан күні сағат 12-де Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38 мекенжайындағы облыстық мәслихаттың кіші залында өтеді.

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары осы аптада жұмыс бабындағы іссапармен Қызылжар өңірінде болды. Олар облыс орталығындағы және аудандардағы мекемелерде, кәсіпорындарда болып, жергілікті жерлердегі жағдайлармен танысып, тұрғындармен кездесті.