«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары күннің сәулесінен қуат алатын жылжымалы панель ойлап тапты. Қазір әлемнің көптеген елінде күн панелі сұранысқа ие. Ол пайдалануға қолайлы әрі қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Күн энергиясы сарқылмайтын ресурс болғандықтан, дамыған елдерде көшені жарықтандыруға, көкөністер өсіруге пайдаланылады.

Күн қуатын қажетімізге жаратуға біздің де толық мүмкіндігіміз бар. Мәселен, қазір жастар осындай құрылғыларды тауып, түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Солардың бірі – Алтыншаш Даниярова мен Кәмила Арсланова. Күннен қуат алатын жылжымалы батареяны ойлап тапқан дарынды қыздар бөлшектерді SketchUp (скейч-ап) бағдарламасы арқылы электронды нұсқада әзірлеген.

– Жылжымалы панельді жасау үшін төрт фотоэлементті дәнекерлеп, біріктіру қажет болды. Өмірімде бірінші рет қолыма дәнекерлеу құралын алдым. Әрине, бұл мен үшін қиындық тудырғаны рас, себебі, онымен өте ұқыпты жұмыс істеу керек. Өйткені, бөлшектерге зақым тиюі мүмкін, – деді Алтыншаш Даниярова. Өнертапқыш қыздардың алғашқы әрі сәтті шыққан жұмысының аграрлы аймақ үшін маңызы зор. Қос дарынның ұстазы Лариса Овчинникованың айтуынша, күннің түсу бағыты бойынша жылжымалы платформаны тәжірибеде қолдануға болады.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp