Ертарғын Сағындықов – өзінің нанын маңдай терімен тауып жүрген нағыз еңбек адамы. Ол Боркий кентіндегі Солтүстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінде өндірістік шебер болып жұмыс істейді.
– Осы колледжде “Техник-механик” мамандығын меңгеріп, қолыма диплом алғаннан кейін Мағжан Жұмабаев ауданындағы кеңшарлардың бірінде бригадир болып қызмет атқардым. Кейін өзім білім алған оқу орнына қайта оралып, жұмысқа орналастым, – дейді шебер.
Темірден түйін түйген маман соңғы 14 жылдан бері колледж студенттеріне әртүрлі станоктардың көмегімен темірді өңдеу әдістерін үйретуде. Осылайша, тұрмысқа қажетті темір бұйымдарын жасайды.
Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.
СУРЕТТЕ:Е.Сағындықов шәкірттері ортасында.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ