«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.02.2019

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қазақстандық Юлия Галышева АҚШ-тың Парк-Сити қаласында могулдан өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл – Юлияның әлем біріншіліктеріндегі алғашқы жеңісі. Әйелдер арасында сынға түскен отандасымыз финалда 79,14 ұпай жинап, барлық қарсыластарын шаң қаптырды. Күміс жүлде – австралиялық Энтони Джакараның еншісінде (78,99 ұпай). Олимпиада чемпионы Перрин Лаффон 78,70 ұпаймен қола жүлде иегері атанды.

ЖҮЗДЕН – ЖҮЙРІК

Венгрияның астанасы – Будапеште өткен халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Александр Бублик бас жүлдені олжалады. Бәсеке барысында канадалық Стивен Диас пен ресейлік Павел Котовты қапы қалдырған отандасымыз ширек финалда хорватиялық Виктор Галовичтен басым түсті. Александр жартылай финалда словакиялық Филип Хоранскиді, ал ақтық сында италиялық қарсыласы Роберто Маркорды ұтты. Соңғы кездесу 6:0, 6:3 есебімен аяқталды.

НҰРҚОЖАНЫҢ ЖЕҢІСІ

Қазақстан Республикасы спартакиадасы аясында өткен күрес түрлері бойынша ел біріншілігін еркін күрес шеберлері қорытындылады. Сайысқа қатысқан үш жүзге жуық спортшы 8 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

KÁSIBI SHEBERLIK SAIYSY

Petropavl qalasyndaǵy “ES-164/3″ mekemesiniń aýmaǵynda ornalasqan kásiptik kolledjde “Úzdik tas qalaýshy” atty kásibı sheberlik saıysy ótti. Oǵan kolledjdiń №3 jáne №6 oqý tobynyń ókilderinen jasaqtalǵan eki komanda qatysty.

ШҰҒЫЛ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛУДА

8 ақпан күні Петропавл қаласындағы “Черемушки” шағынауданындағы бесқабатты тұрғын үйде газ жарылды. Төтенше жағдай Интернационал көшесі, 4 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің бесінші қабатында орын алды. Жарылыс салдарынан екі бөлмелі пәтердің ішкі қабырғаларына зақым келді. Бұдан бөлек, тағы үш пәтердің қабырғаларында жарықшақтар пайда болды. Құтқарушылар 42 тұрғынды қауіпсіз жерге жеткізді. Оның алтауы – бала.

ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

“City Mall” сауда-ойын-сауық орталығында қатерлі дертке шалдыққан петропавлдық Әділет Төлегенге қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық шарасы өтті.

БІЛІКТІЛІК – БАСТЫ ТАЛАП

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Ересектерге қазақ тілін оқытуда интерактивті сабақтарды қолданудың тиімділігі” атты облыстық семинар өтті.

ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЖАСТАР

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының қатысушыларымен кездесу өтті. Өңірлік жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған жиынға жергілікті өрендер қатысты.

ЕКІ КӨЗ – ЕКІ ЖҰЛДЫЗ МАҢДАЙДАҒЫ

Бүгінде балалардың барлығының дені сау деп айтуға болмайды. Жас құрақтай өсіп келе жатқан ұл-қыздардың денсаулығына ата-аналар қаншалықты мән береді? Қазіргі таңда қатерлі ісік, туабітті жүрек және сал ауруларын айтпағанда, бүлдіршіндер арасында көз аурулары көрсеткіші едәуір өскен. Дәрігерлер оның негізгі себебін өндірістің, жаңа технологиялардың дамуымен байланыстырады. Соның әсерінен соңғы жылдары түрлі дертке шалдығып, бақытты балалық шақтарын …

ЕКІ КӨЗ – ЕКІ ЖҰЛДЫЗ МАҢДАЙДАҒЫ Read More »

КӨМЕКТЕСПЕК БОЛҒАН, БІРАҚ…

Петропавл қаласындағы “Ударник” түнгі клубының маңында екі қызды қағып кеткен “Лексус” көлігінің жүргізушісі Илья Старухинге қатысты кезекті сот отырысында айыпталушының жауабы тыңдалды. Өзін “сүттен ақ, судан таза” етіп көрсеткісі келген ол спирттік ішімдікті татып алмағанын айтып, ақталып бақты.

ТІЛІНЕ ИНЕ ҚАДАЛДЫ

Петропавл тұрғыны жартылай фабрикат өнімін сатып аламын деп сан соғып қалды. Сиыр тілінің бір тілімін ауызына салып жіберіп, өз тілін жарақаттап алған әйел ауруханадан бірақ шықты.

БИЗНЕСТЕ ДЕ БЕЛСЕНДІ

Қызылжар ауданындағы Преснов ауылының кітапханасында педагогтардың қатысуымен “Әйел және саясат” тақырыбында кездесу өтті. Онда бүгінгі қыз-келіншектердің бизнес пен саясаттағы алатын орны әңгіме арқауына айналды. Гендерлік тепе-теңдік жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде 134 мемлекеттің ішінде біздің еліміз 41-інші орынға жайғасқан.

ШАМШЫРАҚ

Өнерге жақын, талапты балаларды көргенде кеудені қуаныш кернейтіні анық. Жас құрақтай өсіп келе жатқан өрендерді өнерге, шығармашылыққа баулу – ұлағатты іс. Талантты балалардың дарынын шыңдауға Жамбыл аудандық өнер мектебі де айрықша үлес қосуда.

МАҢЫЗДЫ ЖОБА

Өткен аптада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті “Protecting Business And Investments” жобасы аясында қытайлық “SHI Yan De Rui Gong Mao Co” компаниясымен келісімшартқа отырды.

КІТАПХАНА – ҚҰНДЫЛЫҚТАР ОРДАСЫ

Кітапханалар жүйесін жаңғырту, заманауи құрылғылармен жабдықтап, цифрлық жобаларды енгізу бойынша мәдениет ордасында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Олардың барлығы кез келген тұрғынның қажетті ақпаратты кедергісіз алуына, жастардың шығармашылық, интеллектуалды әлеуетін арттыруға, ең бастысы кітапханаға келушілердің өз уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бағытталған.

ОБЛЫС ӘКІМІ Қ.І.АҚСАҚАЛОВТЫҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ

Өткен жылы Қазақстанда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” Жолдауындағы, Президенттің бес әлеуметтік бастамасындағы, 2018 жылғы 5 қазандағы “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауындағы, сондай-ақ, “Рухани жаңғыру” бағдарламасы шеңберінде қоғамдық сананы жаңғыртудың жалғасы болып табылатын Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” жаңа бағдарламалық мақаласындағы айқындалған …

ОБЛЫС ӘКІМІ Қ.І.АҚСАҚАЛОВТЫҢ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ Read More »