«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИЗНЕСТЕ ДЕ БЕЛСЕНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы Преснов ауылының кітапханасында педагогтардың қатысуымен “Әйел және саясат” тақырыбында кездесу өтті. Онда бүгінгі қыз-келіншектердің бизнес пен саясаттағы алатын орны әңгіме арқауына айналды. Гендерлік тепе-теңдік жөніндегі Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде 134 мемлекеттің ішінде біздің еліміз 41-інші орынға жайғасқан.

Қазақстандағы белсенді 9 миллион тұрғынның 4,2 миллионы – әйел. Ішкі жалпы өнім көлемін арттыруда да нәзік жандардың тигізген үлесі зор. Кітапханашы Сәуле Жақыпова іскер әйелдер туралы, олардың саясаттағы рөлі жайында әңгімеледі. Ауылдық округтің әкімі Данияр Әбутәліп шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған іс-шараларды атап, қыз-келіншектерді өз ісін ашуға шақырды.

Кездесуге қатысушылар мәдениет пен білім саласындағы өзекті мәселелерге қатысты ойларын ортаға салып, “Гендерлік мәдениет” тақырыбында ұйымдастырылған көрмені тамашалады.

“Қызылжар-Ақпарат”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp