«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІКТІЛІК – БАСТЫ ТАЛАП

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Ересектерге қазақ тілін оқытуда интерактивті сабақтарды қолданудың тиімділігі” атты облыстық семинар өтті.

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастырған шарада мамандар ғаламтор жүйесіндегі қазақ тілін үйрету сайттарын тиімді қолданудың әдіс-тәсілдерін сөз етті. Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру аясында атқарылып жатқан жұмыстар әңгіме арқауына айналды. Ал тәжірибелік жұмыс барысында қазақтілді мәтіндерді латын графикасымен оқыту бойынша көз және қол дағдыларын қалыптастыру жөнінен ақыл-кеңестер берілді.

Мамандардың біліктілігін арттыруды мақсат тұтқан семинар соңы пікірталасқа ұласты.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp