«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛІНЕ ИНЕ ҚАДАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл тұрғыны жартылай фабрикат өнімін сатып аламын деп сан соғып қалды. Сиыр тілінің бір тілімін ауызына салып жіберіп, өз тілін жарақаттап алған әйел ауруханадан бірақ шықты.

– Тілді турап, дастарқанға қойдым. Балалармен бірге тамақтанып отырдым. Өнімнің бір тілімін аузыма салып жіберіп, тіспен басып қалғанда – тілім кірш ете түсті. Жаным көзіме көрінгендей болды. Аяқ-қолым дірілдеп, қозғала алмай қалдым. Ауруханадан бірақ шықтым. Тілімнен алып шыққан ине – екпеге арналған медициналық инеге ұқсайды. Өзім осындай оқиғаға тап боламын деп ойламап едім. Енді түрлі сараптамалар жасатып, тілімдегі жараны емдеп, біраз сабылуға тура келеді. Бір жағынан бойымды үрей билейді, – дейді Ольга Белякова.

Ине арнайы сараптамаға тапсырылған. Тұтынушы оны жұтып қойса не боларын елестету де қиын. Аурухана табалдырығын тоздырып жүрген жапа шегуші полиция органдарына арызданған. Алайда, құзырлы мекеме бұл жағдайдың қылмысқа жатпайтынын айтқан. Амалы құрыған әйел, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамынан көмек сұраған. “Океан” дүкенінің сатушысынан мардымды жауап алу мүмкін болмады. Саудагер өнімді жеткізушілер жайында да тіс жармады. “Өнімді жеке тұлғадан аламыз. Цех бар-жоғын білмеймін”, – деді телефон арқылы қысқа қайырған ол.

– Тауардың сертификаты, түбіртегі де болмай шықты. Қайда әзірленетіні де белгісіз. Біздің ұйым заң бойынша әрекет етеді. Сотқа беріп, моральдық шығын талап етеміз. Жапа шегуші денсаулығы үшін алаңдайды, – дейді тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы Надежда Дубовая.

Ольга Белякова енді сауда нүктесін сотқа бермек.

Эльмира КӘЛЕНОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp