“City Mall” сауда-ойын-сауық орталығында қатерлі дертке шалдыққан петропавлдық Әділет Төлегенге қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық шарасы өтті.
Жәрмеңкеге қатысқандардың бірі қолөнер бұйымдарын, енді бірі киім-кешектерді арзан бағамен саудалады. Көмекке мұқтаж отбасыға қолдау білдіргендердің бірі “Lightway” білім беру орталығының директоры Диана Төлегенова болды. Ол оқу сертификатын арзан бағамен саудалап, жәрмеңкеден түскен қаржыны Әділеттің ата-анасына табыс етті. Мектеп оқушылары да бұл шарадан тыс қалған жоқ. Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары келушілердің назарына қыш құмыраларды ұсынып, игі іске бір адамдай атсалысты.
Кішкентай жерлесімізге жақында Швейцарияда ота жасалмақ. Қайырымдылық шарасынан 1 миллион 183 мың теңге жиналды.
Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, “Soltústik Qazaqstan”.