Қазақстандық Юлия Галышева АҚШ-тың Парк-Сити қаласында могулдан өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл – Юлияның әлем біріншіліктеріндегі алғашқы жеңісі. Әйелдер арасында сынға түскен отандасымыз финалда 79,14 ұпай жинап, барлық қарсыластарын шаң қаптырды. Күміс жүлде – австралиялық Энтони Джакараның еншісінде (78,99 ұпай). Олимпиада чемпионы Перрин Лаффон 78,70 ұпаймен қола жүлде иегері атанды.
Ерлер арасында жерлесіміз Павел Колмаков финалдық кезеңге өткен болатын. Алайда, үздік алтылыққа ене алмай, әлемдік сынды 16-шы орынмен аяқтады. Ал Аяулым Әміренова, Александр Геберт және Сергей Романовтар іріктеуден өте алған жоқ.
Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.