«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЗДЕН – ЖҮЙРІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Венгрияның астанасы – Будапеште өткен халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Александр Бублик бас жүлдені олжалады. Бәсеке барысында канадалық Стивен Диас пен ресейлік Павел Котовты қапы қалдырған отандасымыз ширек финалда хорватиялық Виктор Галовичтен басым түсті. Александр жартылай финалда словакиялық Филип Хоранскиді, ал ақтық сында италиялық қарсыласы Роберто Маркорды ұтты. Соңғы кездесу 6:0, 6:3 есебімен аяқталды.

Бұл – Александр Бубликтің “ITF” және “Челленджер” санатындағы турнирлерде қол жеткізген сегізінші жеңісі. Жуырда ол Дэвис кубогы жолындағы жарыста Қазақстан құрамасының Португалияны ұтуына үлес қосқан болатын.

Қанат АТАМАНОВ, “Soltustik Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp