«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШҰҒЫЛ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

8 ақпан күні Петропавл қаласындағы “Черемушки” шағынауданындағы бесқабатты тұрғын үйде газ жарылды. Төтенше жағдай Интернационал көшесі, 4 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің бесінші қабатында орын алды. Жарылыс салдарынан екі бөлмелі пәтердің ішкі қабырғаларына зақым келді. Бұдан бөлек, тағы үш пәтердің қабырғаларында жарықшақтар пайда болды. Құтқарушылар 42 тұрғынды қауіпсіз жерге жеткізді. Оның алтауы – бала.

Бұл күні облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтің төрағалығымен штаб құрылып, үйдің 6-шы және 7-ші подъездерінің тұрғындары басқа жерге орналастырылған болатын.

Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың айтуынша, әкімдік пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстарын өз мойнына алады.

– Құрылыс ұйымы нөмірі 108-ші пәтердің ішіне уақытша тіреуіштерді орнатып, пластикалық терезелердің жақтаулары мен баспанаға кіретін есікті қалпына келтірді. Қалалық бюджет есебінен нөмірі 107, 121 және 122-ші пәтерлердің иелеріне 100 АЕК көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, бүгіндері екі отбасы уақытша баспанамен қамтамасыз етілді. Жетінші кіреберістің тұрғындарына пәтерлеріне кіруге рұқсат берілді. Ал 6-шы кіреберістің тұрғындарына жөндеу жұмыстары кезінде техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кіреберісте жүрмеуге кеңес берілді. Қажет болған жағдайда оларға уақытша үй берілетін болады, – деді әкімнің орынбасары.

Евгений ЖУРАВЛЕВ, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp