«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛІК АТЫП ЕЛІРІП ЕДІ, ЕНДІ ЕГІЛІП ОТЫР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста заңсыз аң аулауға қатысты екі факті тіркелді. Қаңтар айында Смирнов мемлекеттік табиғи қорығында бір сібір елігін атқан солтүстікқазақстандық пен Ресей азаматы ұсталған болатын. Осы жолы үш бірдей елік браконьердің құрбаны болды.

Облыстық табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Қызылжар ауданындағы Смирнов мемлекеттік табиғи қорығының аумағында ағаш арасындағы алаңқайда жаңа бауыздалған үш еліктің етін тапты. Браконьер еліктердің терісін, басы мен аяқтарын қарға көміп кеткен. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Водопроводное ауылының 1986 жылы туған тұрғыны ұсталды. Күдіктінің мемлекетке келтірген шығыны – 5 млн. 680 мың теңге.

Аталмыш факті Қылмыстық кодекстің 337-бабы 1-тармағы, яғни “Заңсыз аңшылық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті 160 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі немесе 40 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Сурет интернеттен алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp