Бұл сөздер тобын не деп атайды?
***
Торда 12 құс отыр. Оның 11-інен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды?
* * *
Мұраттың – 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанда алма жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөліп береді. Екеуіне қаншадан түседі?
* * *
Бір жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек жүк машинасы тоқтап тұрған кезде тез тола ма, әлде жылдам кетіп бара жатқан кезде ме?
* * *
Бір аю әр күні алдыңғы күні жегенінен 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?