«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАЗАРДА — ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандарды тура жолға шақыру бағытында бірқатар жұмыстар атқаруда. Бас бостандығынан айыру мекемесінде жазасын өтеушілерді адамгершілік, әлеуметтік-құқықтық, эстетикалық, физикалық, психологиялық тұрғыдан тәрбиелеу үшін оларға саламатты өмір салтын насихаттау және спортқа баулудың маңызы зор. Облыс орталығындағы “ЕС-164/6” мекемесі осы бағыттағы жұмыстарды үнемі назарда ұстайды.

Мекемеде сотталғандар арасында спорт түрлерінен спартакиада өткізу жыл сайынғы дәстүрге айналған. Жазасын өтеушілер волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі бойынша жарысады. Бұл сотталғандардың денсаулығын жақсартып қана қоймайды, психологиялық тұрғыдан да оң әсері бар.

Саламатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану сотталған әйелдер үшін де қолжетімді. Өйткені, “ЕС-164/6” мекемесінде үш жыл бойы әйелдер үшін фитнес жаттығулары өткізіліп келеді. Бұл үшін арнайы жаттықтырушылар шақырылып, олар би, күштік және кардиостимуляциялық жаттығулар бойынша сабақ өткізеді. “Нептун” фитнес-клубының жаттықтырушылары Андрей Качмар мен Сергей Жұмалиевтің арқасында бас бостандығынан айырылған әйелдер фитнеспен айналысуға мүмкіндік алғанын айта кету керек.

Сонымен қатар қазіргі уақытта мекемеде йога жаттығуы бойынша дәріс өткізу қолға алынды. Облыс орталығындағы “Скиф” фитнесклубының жаттықтырушысы Марина Логинова бүгінде сотталғандарға арнап жаттығу өткізуде. Ақпан айынан бастап дәрістің бұл түрі тұрақты түрде өткізілмек. Өйткені, қоғамнан оқшауланған адамға йоганың пайдасы мол.

Тамара ПРОКОФЬЕВА, “ЕС-164/6” мекемесінің бөлім бастығы, әділет майоры.

Сурет интернеттен алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp