«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАДА ҚАР, ҚАРБАЛАС…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен аптадағы сары шұнақ аяз бен жауған қалың қар қалалықтарды әуреге салған болатын. Жылдағыдан екі-үш есе қалың түскен қар қала көшелеріндегі көлік қозғалысына кедергі келтірді. Соңғы күндері ауа райының жылынуына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері қайтадан күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. 

Қалалық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ораз Каршаловтың айтуынша, қыс басталғалы облыс орталығының көшелерінен 324 мың текше метр қар шығарылған. 

– Қазір коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері кешкі 8:00-ден бастап таңғы 6:00-ге дейінгі аралықта жолдарды қардан аршуда. Бірінші кезекте орталық көшелер мен тұрғындар көп жүретін аумақтарға басымдық берілуде. Апта соңына дейін қаланың жартысын тазартуды жоспарлап отырмыз, – деді Ораз Алғалиұлы.

Бүгіндері 8 кәсіпорын қала көшелерінде механикалық тазарту жұмыстарын жүргізуде. Ал аялдама алаңдары мен жол жиектерінің, жаяу жүргіншілер жолдарын, жол маңындағы, гүлзарлардағы тротуарларды қар мен мұздан тазалау жұмыстары “Дорожник Ашық Аспан” ЖШС-не тапсырылған.

Көлік және жаяу жүргінші жолдарына көктайғаққа қарсы материалдар себу жұмыстарына қажетті 8,4 мың текше метрге жуық тұз қосылған құм дайындалған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp