«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАТТАЙ КЕНШІНБАЕВ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаттай Бектасұлы Кеншінбаев 1929 жылы Аққайың ауданының Қызылту ауылында дүниеге келген. 1952 жылы Алтай машина жасау институтын тамамдаған. Еңбек жолын Ресейдің Томск қаласында мойынтірек жасайтын зауытта цех шебері болып бастаған. Бұдан кейін механик, Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінде ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, “Қазауылшартехникасы” бірлестігінің құрылыс-қайта құру басқармасының бастығы болған.

1967-1995 жылдары облыстық мелиорация және су шаруашылығы басқармасының бастығы, “Союзцелинвод” трестінің жетекшісі қызметтерін атқарған. Қаттай Кеншінбаевтің бастамасымен облыста 150 мың шаршы метр тұрғын үй, “Водник” профилакторийі, “Лалочка” балалар бақшасы, “Балдырған” жазғы балалар лагері, отбасылық балалар үйі, әмбебап дүкен салынды. Ол – отыздан астам зерттеу жұмысының авторы.

“Құрмет белгісі”, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алтын, күміс, қола медальдарымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2001 жылы дүниеден өтті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp