«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЗІРГЕ – ТӨРТІНШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұл күндері АҚШ-тың Сент-Луис қаласында шахматтан әйелдер арасында “Cairnc Cup” атты ірі халықаралық турнир өтуде. Әлемнің бірқатар мықты шахматшыларының басын қосқан жарыста отандасымыз Жансая Әбдімәлік те бақ сынауда.

Алғашқы турда 19 жастағы қазақ қызы америкалық Анна Затонскихты ұтса, екінші кезеңде франциялық Мари Себагпен тең түсті. Үшінші айналымда 34 жастағы Александра Костенюкпен кездесті. Бұл бәсеке дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында үш мәрте топ жарған Ресейдің атақты ойыншысының пайдасына шешілді. Төртінші турда Жансая грузиялық Бела Хотенашвилимен кездесіп, басым түсті. Өкінішке қарай, Жансая Әбдімәлік бесінші турда сәтсіз өнер көрсетіп, 35 жастағы америкалық шахматшы Ирина Круштен ұтылып қалды. Қоржынында 2,5 ұпайы бар қазақстандық спортшы жарыс кестесінде әзірге төртінші орында келеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp