«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАР ҚАЗАҚҚА АРДАҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтің 85 жылдығына арналған “Сұлу сөздің сүлейі – Сәкен сері” атты әдеби кеш өтті.

Белгілі қаламгер Рамазан Тоқтаров Сәкен Жүнісов жайында: “Жазушы халық арасында жүргенде, ол дүние алақанында, ал жазу столында отырып, өзімен-өзі жалғыз қалғанда, дүние – оның алақанында” деген екен. Жазушы қаламынан туған “Жапандағы жалғыз үй”, “Ақан сері”, “Аманай мен Заманай” шығармалары халықтың жүрегіне жол тауып, асыл қазынаға айналды. Кеш барысында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жангелді Тәжин, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ардагер журналист Зейнолла Әкімжанов жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушысы Ботагөз Тауқұдыретова жастар арасында жазушы мұрасын насихаттау мәселесіне тоқталды. Бүгінде қаламгердің драмалық шығармалары аталмыш білім ордасының оқу бағдарламасына енген.

Облыстық филармонияның әншісі Еркебұлан Қарыпов, өнер колледжінің студенттері Ерасыл Алпысбай, Ермек Мыңжасар Ақан серінің, Үкілі Ыбырай мен Біржан салдың, Сәкен Сейфуллиннің әндерін орындады. М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенттері Шалқар Шәкенов, Раушан Сәденова, Шұғыла Рамазанова Сәкен Жүнісовтің “Ақан серісінен” үзінді оқыды.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp