«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР ӨНДІРІЛМЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұл туралы облыс әкімдігінде ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларының кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қабиден Сәдуақасов цехтарда жыл сайын 100 мың текше метр жергілікті ағаш сүрегі өңделетінін жеткізді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. «Ағаш сүрегін тереңдете өңдеудің нәтижесінде белсендірілген көмір (активированный уголь) алуға қол жеткізілді. Оны медицинада, фармацевтикада, химия және азық-түлік өнеркәсібінде пайдаланады», – деді Қ. Сәдуақасов. Былтыр «Green Woodwork Technology» ЖШС 300 млн тенге грант алған болатын. Сол қаржыға кәсіпорын кесілген ағаш қалдықтарын өңдейтін зауыт салмақшы. Тағы бір орман пайдаланушысы  «АБД-Орманы» былтыр ағаш сүрегін әзірлейтін заманауи Харвестер және Форвардер техникасын алып, жылыжай салуды қолға алған. Биыл ағаш сүрегін өндіретін зауыттың құрылысына кіріседі. Солтүстік Қазақстан облысында, жалпы 25 кәсіпорын ағаш өңдеп, сүрек шығарумен айналысады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp