«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЗДАҚТАР ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы Әскери институтының мамандары бүгін Ауғанстан жерінен кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай қалалық Мәдениет үйінде мерекелік шара өткізбек.

Кеш барысында “9 рота” фильмінен үзінді көрсетіліп, институт оркестрінің сүйемелдеуімен бір топ әншілер әскери тақырыптағы туындыларды шырқайды. Отты жылдарда түсірілген суреттер көрмесі де кеш қонақтарының назарына ұсынылмақ.

Институт курсанттарын білім нәрінен сусындатып жүрген ауған соғысы ардагерлері Шәміл Алтынбеков, Бауыржан Досжанов, Олег Ковалев, Иманәлі Пердібеков және тағы басқалары отты жылдарды еске алады. Олар он жылға жуық қанды қырғында сарбаздар ерлік пен табандылық танытты. Соғыстың қиын жағдайында туған жерінен шалғайда сағат сайын өз өмірлерін қауіпке ұшыратса да, әскери антына, адами борышына адал бола білді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp