Мемлекеттік қызметшілердің қатары жыл санап жастармен толығып жатқаны қуантады. Бұл – жастардың арасында еліміздің дамуына үлес қосуға ниетті азаматтардың көбейгеніне дәлел. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасында бас маман болып жұмыс істейтін Бірлік Қайырлы мен Максим Сизов мемлекеттік қызметші – елдің абыройы деген ұстанымда.
Есіл ауданындағы Бұлақ ауылының тумасы Бірлік Қайырлы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі. Жылу энергетикасы мамандығында оқыған ол былтыр конкурстық негізде аталмыш басқармаға жұмысқа қабылданған. Ал Ақмола облысының Зеренді ауданында дүниеге келген Максим Сизов М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде электр энергетикасы мамандығын меңгерген.
Басқарманың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде жұмыс істейтін қос өреннің бойынан мемлекеттік қызметшіге тән қасиеттер жұмыс барысында анық байқалады. Өйткені, олардың жұмысына басқарма басшылығы да жақсы баға беруде. Тапсырманы жауапкершілікпен орындайтын мамандардан үміт зор.
Мұхтар ХАҚНАЗАР.