«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРАЗ БЫЛЫҚТЫҢ БЕТІ АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының мониторинг тобы Қызылжар ауданының бірнеше мектебінде жүргізген тексеріс кезінде бірқатар кемшіліктер анықтады. Мәселен, Бәйтерек ауылында нормативтік-құқықтық актілермен тыйым салынған қуырылған қамырға оралған шұжық сатылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, партиялықтар ата-аналар шағым қалдыратын журналдың жоқтығы, ас мәзірінің сәйкес келмеуі, азық-түлік ақауларын анықтау бойынша кітаптың дұрыс рәсімделмеуіне байланысты ескерту жасады.

Бескөл ауылындағы мектеп-гимназия асханасынан да бірқатар былықтың беті ашылды. «Онда таза ауызсу аппараттары да, бір рет пайдаланылатын стақандар да жоқ. Бәйтерек ауылында су ішу үшін пластмассадан жасалған ыдысты қолданған. Бұл гигиенаға сай емес. Ыдыс-аяққа да қатысты біраз мәселе бар. Жиһаз ескі, үстелдер шайқалып жатыр. Оқушы қолына ыстық шай алса, байқаусызда оны үстіне төгіп алып, күйік шалуы мүмкін ғой. Мұндағы ас мәзіріне де назар аудару керек, ол төрт апталық және күн сайынғы болуы тиіс», – деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов. Асхананы жалға алушы болса тендерді өткен жылдың соңында ұтып алғанын, ал жұмысқа қаңтар айында кіріскенін, сондықтан барлық мәселелерді шешіп үлгермегенін айтып, ақталды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp