«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢЫЛТПАШТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көсе көсеге көсеу көрсетті,
Көсе көсеге неше көсеу көрсетті?
Көсенің көсеге көрсеткен
Көсеуі – бесеу.

* * *
Масаны шыбын шақты,
Маса масаға мұңын шақты.
Құлыншақты да шыбын шақты,
Құлыншақ бұрын шапты.
* * *
Жарда қарға қарқылдады,
Қарға жарда қарқылдады.
Расында жарда,
Қара қарға қарқылдады.
* * *
Циркте қонжық қоңжықты он жықты,
Он жыққан қоңжық шоң мықты.
Он жығылған қоңжық көндікті.
* * *
Ақ шар бар,
Көк шар бар,
Көп шар бар,
Төрт шар бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp