«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КАЙ МЕТОВ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есімі өнерсүйер қауымға әнші ретінде танылған Кай Метовтың (азан шақырып қойған аты Қайрат) Қарағанды қаласында дүниеге келгенін көпшілік біле бермейді. Мектепте оқып жүргенде ата-анасының қызметіне байланысты Алматыға қоныс аударған болашақ жұлдыз республикалық музыкалық мектептің скрипка сыныбына қабылданады. Тәжірибелі мамандардың алдын көріп, бірнеше байқауда бағын сынағаннан кейін оның өнерге деген қызығушылығы өмірлік мақсатына айналды.

Әншінің авторлық туындылары 1991 жылдан бастап үлкен сахналарда шырқалды. Алғаш жарық көрген “Position №2″ атты жеке ән жинағы тыңдармандардың ерекше ілтипатына ие болды. Осыдан бастап ол алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапарлармен жиі шыға бастады. “Вспомни меня”, “Роза чайная”, “Где-то далеко идут дожди”, “Тебя со мною рядом нет”, “Мама, я хочу быть пионером” атты ән жинақтары ең көп таралыммен жарық көріп, аз уақыттың ішінде сатылып кеткен. Талантты әншінің өнердің дамуына қосқан үлесі үшін Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері атағымен марапатталғанын айта кеткен жөн.

Кай Метов әнші ғана емес, композиторлық өнерімен де танылып, түрлі жобаларды жүзеге асыруда. Ол бүгінде Ресей астанасы – Мәскеуде тұрады.

Нұргүл ОҚАШЕВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp