«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқушылар мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдағаны жөн. Әсіресе, олардың жастайынан кәсіпкерлікке бет бұруына барлық жағдай жасалуда. Осы орайда облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары соңғы бес жылдан бері өңірдегі жоғары сынып оқушыларының қандай мамандықтарға басымдық беретінін анықтау мақсатында сауалнама өткізіп келеді.

Палатаның бөлім басшысы Владимир Литвиненконың айтуынша, өткен жылы сауалнамаға өңір мектептерінің 6 мыңнан астам оқушысы қатысқан.

– Олардың дені дәрігер, мұғалім, агроном және әскери мамандықтарға қызығушылық танытты. Ал 4,39 пайызы кәсіпкер болуға ниетті. Сонымен қатар өрендердің 48,57 пайызы жоғары білім алуға құлықты екені анықталды. Жалпы, палата мамандары болашақта кәсіп ашқысы келетін жастарға қолдау көрсетуге әзір. Палатада кейінгі толқынға кәсіпкерлік негіздерін үйрету мақсатында “Жас кәсіпкерлер клубы” жұмыс істейді, – деді бөлім басшысы.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ, “Soltústik Qazaqstan”

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp