«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПӘТЕР ОТҚА ОРАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласындағы бесқабатты тұрғын үйдің пәтері отқа оранды.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел әрекет ету орталығына таңертең Брусиловский көшесі, 61 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден түтін шығып жатқаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы жедел жетті. Дереу үшінші қабатқа көтерілген өртсөндірушілер пәтер есігін ашып, түтін арасынан адамдарды іздеуге кіріседі. Нәтижесінде пәтерден 60 жастағы қария табылып, дәрігерлердің қарауына алынды. Оған қоса, тұрғын үйден 24 адам қауіпсіз жерге шығарылса, оның алтауы – бала.

Бұдан кейін құтқарушылар көршілердің нұсқауымен төртінші қабаттағы пәтерге ұмтылды. Алайда, темір есікті ешкім ашпады. Сөйтіп, үйдің жанына жалма-жан автосаты қойылып, бөлімше командирі Аманжол Қоспанов пәтер қылтимасы арқылы ішке енді. Осылайша, ол түтін басқан баспанадан жеті жасар қызды алып шықты.

Мамандар өрттің шығуына тоңазытқыштың бұзылуы себеп болған деп болжап отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp