«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҚТАНСАҢ – САҚТАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі аптаның алғашқы күні Уәлиханов ауданының орталық қонысы Кішкенекөл ауылында пештен шыққан улы газдан 55 жастағы әйел қаза тапты. Марқұмның 32 жасар туысы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Аязды күндері өрт қаупі арта түседі. Осыған орай төтенше жағдайлар жөніндегі департамент арнайы айлық өткізіп жатыр. Оның барысында әсіресе жеке меншік сектор тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Айлықтың екі күнінде ғана құтқарушылар 5753 үйді аралап, 13 мыңнан астам тұрғындармен кездесті. Үй-жайлардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудың 448 фактісі анықталып, үй иелеріне ескерту жасалды. Өкінішке қарай, 700-ден астам үйдің иелері төтенше жағдай қызметкерлеріне есіктерін ашпай қойған. Мұндай жағдайда заң бойынша мамандар ондай үйлерді тексере алмайды. Тұрғындар қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін тілсіз жаудан сақтану шараларына баса мән беруі қажет. Әсіресе пешке, электр сымдары мен жабдықтарына ерекше назар аударып отырған жөн.

 СҚО бойынша ТЖ департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp