Ертең, 15 ақпан күні Петропавл қаласында облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен коммуналдық төлемдерді төмендетуге қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.
“Табиғи монополия субъектілерініңі коммуналдық қызметтеріне тарифтерді төмендету мәселелері жөнінде түсіндіру” тақырыбындағы кездесуге ”СевКазЭнерго”, “Солтүстік Қазақстан электр тарату желісі компаниясы” АҚ-ы, “Петропавл жылу желілері” және “Қызылжар су” ЖШС-нің өкілдері қатысады.