«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕМІРДІҢ ТІЛІН БІЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгіндері қыздар арасында техника тілін меңгергендер аз емес. Сондай бойжеткендердің бірі – “С.М.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамында жұмыс істейтін Жанат Жұмабаева. Жамбыл ауданындағы Благовещенка ауылының тумасы техникаға жастайынан жақын. Ауыл мектебін бітірген соң М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығына оқуға түскен. Талапты жас диплом алғаннан кейін іргелі зауытқа жұмысқа орналасады.

Болам деген баланың белін буған кәсіпорын басшылығы бұрымдыны қызметке алғанына өкінген емес. Өйткені, Жанат жұмыста жауапты, ұжымда сыйлы.

Зауытта инженер-құрастырушы болып жұмыс істейтін жас маман түрлі құрылғылардың электрлік сызбасын жасап, дәнекерлеумен айналысады. Мәселен, осыған дейін “OTAU TV” цифрлық приставкаларын құрастырған. Өткен жылы зауыттың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген салтанатты шарада еңбекқор қыз облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Суретті түсірген автор.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp