Мен – қазақпын, тілім қазақ мәңгілік,
Дәстүрімді жырға қосам ән қылып.
Қазағымның дана тілі, мәрт тілі,
Тұрады ылғи жүрегімде жаңғырып.
Қазақ тілі – тілі менің анамның,
Ұқтырды ол қасиетін бабамның.
Отанымды шын сүюді үйреткен,
Қарыздармын, анам тілі, саған мың.
Осы тілмен анам мені тербеткен,
Бесік жырмен талай адам ержеткен.
Оралымды, бай, құнарлы тілі бар,
Бақытты ұрпақ едім, шіркін, мен неткен!
Назерке МАЛДЫБАЕВА, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы.