«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛҚЫНА ҚАМҚОР БОЛҒАН АСЫЛДАРЫМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері туралы аз жазылған жоқ. Бірақ әлі күнге дейін ашылмаған ақтаңдақтар бар екені шындық. Әсіресе, өмірінің соңғы кезеңі, жер дауына байланысты қайраткерлігі әлі де терең зерттеулерді қажет етеді. Соңғы уақытта Ақан сері Қорамсаұлының мазары “Қазақстанның киелі жерлерінің картасына” енсе, Ілияс Жансүгіровтың “Құлагер” поэмасы ағылшын тіліне аударылып, бүгіндері ақын есімі кәрі құрлықта да жаңғыруда. Сүйінші хабарлардың легімен сері жайында аз-кем сөз қозғағанды жөн көрдік.

ХІХ-ХХ ғасыр төл тарихымызда Қазақстанға қоныс аударушылар легі келіп, шұрайлы жерлерімізден айырыла бастаған шақ еді. 1884-1905 жылдар аралығында Ақмола облысына қоныс аударушылардың саны 15 есе өскен. Ата қоныстан айырыла бастаған Ақан серінің ішіне де шер орнайды. Бұл уақытта Петербордан атақты Шөбектің шөбересі Мәмбетәлі Сердалыұлы да елге оралған болатын.

Мәмбетәлiнiң әкесi Сердалы Ақанмен қоныстас, қатты сыйласқан дос және құдандалы болған. Құдандалы деп отырғанымыз, Шөбектiң ұлдарының бiрi, өз заманында қажыға барып, мешiт ұстаған, атақты бай атанған Бегалы (Мырзалының iнiсi) деген адам. Осы Бегалының үлкен ұлы Ералы Ақанның туған апасы Айшаға үйленген. Алайда, осы жерде екі ұдай пікір бар. 2013 жылы “Фолиант” баспасынан Ілия Жақанов ағамыздың Ақан серінің өміріне байланысты “Бір кезде Ақан едім аспандағы…” атты құнды еңбегі жарық көрді. Зерттеуінде Ілия ағамыз мынадай мәлімет келтіреді: “Айшаға тағы бір құда дәме қып, іле-шала сөз бастады. Бұл – Шөбектің Бегалысы! Айшаны үлкен ұлы Оразалыға алып бермекші…

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №17 (14.02.2019ж.) санынан оқи аласыздар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp