«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗ КЕСУШІЛЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінде криминалистерге арналған оқу-жаттығу жиыны өтіп, оған Астана қаласының, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарының тәртіп сақшылары қатысты. Шараны ашқан облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов криминалистердің кәсібилігін үнемі арттыру қажет екенін айтып, қылмысты ашудағы маңызына тоқталды.

Басқа өңірлерден, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің аппаратынан келген мамандар солтүстікқазақстандық криминалистердің қызмет барысында қолданатын жабдықтарымен танысты.

Семинар барысында алған білімдерін криминалистер қылмыс орнын тәжірибе барысында тексеру арқылы қорытындылады. Мәселен, оқтың санын, ұшу бағытын анықтап, қардың үстінде аяқкиімнен қалған іздің бедерін гипстан құйып көрсету сияқты жұмыстар орындалды.

Ішкі істер министрлігі жедел-криминалистикалық департаментінің сотқа дейінгі тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Сергей Стихеев оқу-жаттығу шараларын жоғары бағалады.

Нұрбек БАЕКИН, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp