«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚША КҮНТІЗБЕ ТАППАДЫМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаңа жылдың екінші айы аяқталар күн де алыс емес. Ал мен болсам, үстіміздегі жылдың күнтізбесіне әлі күнге қол жеткізе алмай жүрмін. Бармаған жерім жоқ, К.Сүтішев көшесіндегі кеңсе тауарлары дүкенінде де болдым. Сатушыдан қабырғаға іліп қоятын қазақша плакат-күнтізбе сұрадым. “Жоқ” деген жауап естідім. Қойын дәптердің арасында жүретін күнтізбе де жоқ болып шықты.

“Қандайы бар?”, – деген сауалыма сатушы: “Жұмыс үстеліне қоюға арналған күнтізбе бар”, – деп жауап берді. “Мұсылман күнтізбесі” де орысша болып шықты. Себебі, Ресейде басылып шығарылған. Бағасы – 410 теңге екен. Арзан деп айта алмайсың. Себебі, Ресейдің дәл сондай күнтізбесі екі есеге төмен бағаға сатылуда және біздікіне қарағанда беттері қажетті деректерге толы. Бір таңғаларлығы сол, бұл дүкенде әртүрлі мазмұнды орыстілді күнтізбелерді көресің. Қаладағы басқа да кеңсе тауарлары дүкендерінде де солай.

Көшедегі дүңгіршектерден, дүкен сөрелерінен күнтізбені айтпағанда, қазақ тіліндегі газет-журналдарды, кітаптарды, тіпті, оқушыларға қажетті күнделік-дәптерлерді кездестірудің өзі қиын болып барады. Осы олқылықтың орны қашан толар екен?

Ғалымтай СЫЗДЫҚОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp