«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАН ТАПСЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қан орталығында “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының қызметкерлері “Өмірге үміт сыйлаңыз” атты қайырымдылық акциясына қатысты. 

Қазір өңірде ерікті қан тапсырушылардың қатары көбейді. Қан орталығында жылына шамамен 3 мыңнан астам адам ерікті түрде қан тапсырады екен.  Донорлардың жасы әртүрлі. Бұл орайда, мамандар кез келген дені сау адам донор бола алатынын айтты. 

– Ер азаматтар бір жылда 5-6 рет, ал әйелдер 3-4 рет қан тапсыра алады. Біздің өңірде бір мың тұрғынға 12 донордан келеді. Науқастарға күн сайын қан құйылады, сондықтан оған әрқашан қажеттілік бар. Дегенмен, біздің орталықта барлық қан тобы бойынша қор жеткілікті. Белсенді тұрғындардың көмегімен өңірдегі ауруханаларды қанмен қамтамасыз етуде ешқандай қиындық жоқ. 2018 жылы көмек көрсеткен  3681 адамның 679-ы бізде үнемі қан тапсырады, – дей келе  аталмыш орталықтың донорларды жинақтау бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы Динара Қалуова биыл қаңтарда 598 адам қан тапсырғанын айтты. 

Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беру үшін  орталыққа келген Әйгерім Әубәкірова да бұл шарадан тыс қалмады. Петропавл қаласындағы №1-ші халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істейтін маман тұрғындарды қайырымдылыққа шақырды. 

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА, 

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp