«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗЕНДІ ЛАСТАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл өзенінің арнасындағы ластанған су туралы экологтарға жергілікті балықшы хабарлаған. Ол өзеннің ескі арнасында ластанған судың мейлінше күшті қарқынмен ағып жатқанын аңғарған. Экология департаментінің қызметкерлері  лай судың қайдан келгенін анықтады. «Тексерістер нәтижесінде 20-25 қаңтар аралығында «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» кәсіпорны өз бетімен Есіл өзенінің ескі  арнасына 153 мың текше метрден астам көлемде су жіберіп, ҚР Экологиялық кодексінің бірнеше бабын бұзған», – деді экология департаменті басшысының орынбасары Азамат Бектасов. Оның айтуынша, кәсіпорын әкімшілік жауапқа тартылып, 150 мың теңгеден астам айыппұл салынған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp