«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛБЕУІНЕН БАС ТАРТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орта салмақтағы әлем чемпионы, мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль “Канело” Альварес (51-1-2, 34 КО) “WBA regular” чемпиондық белбеуінен бас тартты. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы “Мэдисон Сквер-Гарден” аренасында өткен жекпе-жек кешінде Сауль Альварес супер орта салмақтағы алғашқы кездесуін өткізіп, британиялық Рокки Филдингпен (27-2, 15 КО) қолғап түйістірген болатын.

Үш раунд барысында қарсыласын төрт мәрте нокдаунға жіберген мексикалық айқын басымдықпен жеңіске жетіп, “WBA regular” чемпионы атанды. Сөйтіп, Сауль Альварес үш салмақ дәрежесінде де чемпион атанған мексикалықтардың қатарына кірген. Алайда, ол мақсатына қол жеткізген соң белбеуден бас тартты.

Мексикалық боксшы үстіміздегі жылғы 4 мамыр күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы “T-Mobile” аренасында “IBF” титулының иегері америкалық Дэниел Джейкобспен кездеседі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp