«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау аудандық Ақан сері атындағы Мәдениет үйінде облыстық полиция департаментінің бастамасымен “Есірткісіз болашақ” жылының ашылуы өтті. Салтанатты шараға облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов, аудан әкімі Бейбіт Исманов, мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің өкілдері қатысты.

Форумның басында қатысушыларға “Тұздар және спайстар. Құрдымға апарар жол” бейнефильмі көрсетілді. “Департаменттің облыста нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық бағдарлама әзірлеу жөніндегі бастамасы кең көлемде қолдау тапты. Біз барлық мүдделі органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және БАҚ-пен бірлесе отыра, оның іске асуына белсенді араласатын боламыз”, – деді есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жандос Басыбаев. Ол жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу және синтетикалық есірткіні таратуға қарсы белсенді іс-әрекет жасауға бағытталған осы бағдарламаны жан-жақты таныстырды.

– Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды “Жастар жылы” деп жариялауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысында нашақорлықтың таралуына қарсы күрес бойынша осындай бағдарламаның әзірленуі маңызды бастама болып отыр, – деді аудан әкімі Бейбіт Исманов.

Әйгерім ЖАҢБЫРБАЙҚЫЗЫ. Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp