«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОМАНДАЛАСЫН ЕСІНЕН ТАНДЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Италия чемпионатының 23-ші туры аясында “Ювентус” пен “Сассуоло” командалары кездесіп, матч туриндіктердің айқын жеңісімен аяқталды. Бұл кездесуде Криштиану Роналду, Сами Хедира және Эмре Джан секілді мергендер нысанадан мүлт кетпеді.

Алайда, ойынның бір эпизоды кезінде Роналдудың тепкен добы Сами Хедираны сұлатып түсірген. Белгілі болғандай, қарсылас команданың айып алаңына таяу маңда теңбіл доп Роналдудың қолына тиіп кеткен. Мұны байқаған төрешінің ысқырығынан кейін де қарқынын тежей алмаған сұрмерген допты қатты теуіп жібереді. Сол сәтте доп сәл әрірек тұрған Сами Хедираның бетіне тиеді.

Қазіргі уақытта біріншілік барысында 18 мәрте мергендік танытқан Роналду “А” сериясындағы көшбасшылар тізімінде бірінші тұр. Сондай-ақ, ол осы уақытқа дейін жеті рет нәтижелі пас берген. Осылайша, “Ювентустің” үздік ассистент атағы да португалиялық шабуылшының еншісінде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp