«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.02.2019

БАҒАНЫ НЕГІЗСІЗ ӨСІРГЕН

Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті бағаны негізсіз өсірді деген күдікпен құс етінің бөлшек аудасымен айналысатын жергілікті екі компанияға қатысты тексерісті аяқтады.  – Тексеріс жүргізуге өткен жылдың қазан айында құс етінің өнімдері, дәлірек айтқанда – “КазКур” сауда павильондарында сатылатын тауықтың сан еті мен сирақтары бағаларының 10 пайызға көтерілуі негіз болған еді. Біздің мамандар …

БАҒАНЫ НЕГІЗСІЗ ӨСІРГЕН Read More »

ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЛДЕСТІ

Петропавл қаласында қазақ күресінен 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өтті. Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылған бәсекеге жетпістен астам балуан қатысты.              Жас балуандар жеті салмақ дәрежесінде сынға түсті. Сайыс қорытындысы бойынша 46, 51, 72 килограмм салмақ дәрежелерінде Шал ақын ауданының өкілдері Диас Қариполлинов, Дамир Қариполла және Жансерік Қуанышев …

ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЛДЕСТІ Read More »

АЙРЫЛЫСҚАНДАР САНЫ АРТҚАН

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, өткен жылы 3605 неке тіркелсе, 2107 жұп айрылысқан. 2017 жылмен салыстырғанда көңіл жарастырғандардың саны 5,9 пайызға азайса, неке бұзғандардың қатары 5 пайызға артқан. 

САХНАДА – ДЕТЕКТИВТІК ДРАМА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының репертуары тағы бір қойылыммен толықпақ. Бүгін сағат 19.00-де көрермендер назарына Джон Бойнтон Пристлидің “Wellcome inspector” атты детективтік драмасы ұсынылады. Туынды бірлігі жарасқан Берлингтер отбасының шаңырағында орын алған шытырман оқиғадан бастау алады. Басты рөлдерді Д.Тойбазаров, А.Сұпатаева, М.Өсербаева сомдайды. Қойылым режиссері – Алмас Ахметбеков.

ЖҰМА КҮНІ ЕРКІН КИІНЕДІ

Биылдан бастап «Сasual Friday» жобасы аясында мемлекеттік қызметшілер жұма күндері костюм киіп, галстук тағудан да босатылып, еркін киінетін болды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

АПАТТАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Облыс орталығында 54 жастағы қала тұрғынын көлік қағып кетті. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы оқиға қалалық жағажайдың айналмалы жолында орын алған. Қайтыс болған адамның туған-туысқандары оқиғаға куә болған азаматтардың 8 701 430 99 39 телефон нөміріне хабарласуын сұрайды.

ЕРЛІГІ ЖЕРЛЕСТЕР ЕСІНДЕ

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылуына 30 жыл толады. Осыған орай Есіл ауданының Ильинка ауылындағы орта мектептің қабырғасында жат елдегі соғыста қаза тапқан Юрий Ефимчукке арналған мемориалдық тақта ашылды.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының 50-ге жуық қызметкері «Өмір қолын соз!» акциясына қатысып, облыстық қан орталығының қан қорын толықтырды. 

НҰРОТАНДЫҚТАРДЫҢ СЪЕЗД АЛДЫНДАҒЫ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін Петропавлдағы Оқушылар сарайында  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс жиырма тоғызыншы конференциясы өтті. Конференция делегаттары партияның 2030  жылға дейінгі бағдарламасының жобасын, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылады. Алқалы жиында Астана қаласында өтетін партияның кезекті он сегізінші съезіне делегаттар сайланды.  

ФОТОТҰЗАҚҚА ТҮСТІ

Кениялық фотограф Уилл Беррар-Лукас пантераның өте сирек кездесетін түрі – қара қабыланды суретке түсіріп алды.

ТАНЫМ КӨКЖИЕГІ

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мектеп оқушылары арасында интеллектуалдық ойын өтті. Оқушылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша қазақ халқының тарихы мен мәдениеті жайлы ойларын ортаға салып, бай, шұрайлы, тегеуріні мықты қазақ тілі туралы пікір білдірді. Интеллектуалдық ойынға қатысушылар  елімізде тату-тәтті тұрып жатқан этнос өкілдерінің салт-дәстүрі мен қазақ халқының …

ТАНЫМ КӨКЖИЕГІ Read More »