«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛІГІ ЖЕРЛЕСТЕР ЕСІНДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шығарылуына 30 жыл толады. Осыған орай Есіл ауданының Ильинка ауылындағы орта мектептің қабырғасында жат елдегі соғыста қаза тапқан Юрий Ефимчукке арналған мемориалдық тақта ашылды.

Жиында сөз алған жауынгердің анасы Валентина Ивановна мемориалдық тақта орнату бастамасын көтеріп, қаржылай қолдау көрсеткені үшін “Ильинское” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына және ауылдастарына алғысын білдіріп, баласының жерлестері үшін ерліктің жарқын үлгісі болып қалатындығын атап өтті.

1968 жылы туған Юрий Ефимчук облыс орталығындағы есеп-экономикалық техникумында білім алған. 1986 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақыртылып, екі жылдан кейін бір топ жерлестерімен бірге Ауғанстанға жіберіледі. Бірнеше ұрыс операцияларына қатысады. 1988 жылдың 11 тамызында дұшмандар Мирбачакот елді мекенінің жанында орналасқан шекара бекетіне шабуыл жасайды. Бірнеше сағатқа созылған шайқас барысында сержант Ефимчук ерлікпен қаза табады.

Жерлесіміз қайтыс болғаннан кейін “Қызыл жұлдыз” орденімен марапатталған.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp